{metadescription}
БҚО-да апта бойы іздестірілген бойжеткен табылды

БҚО-да апта бойы іздестірілген бойжеткен табылды

Батыс Қазақстан облысында 4 қараша күні жоғалып кеткен 22 жастағы қыз аман-есен табылды.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Құндыз Жолтаева 11 қараша үйіне өзі қайтып оралған.

«Қазір қыздың жағдайы, денсаулығы жақсы», - деп хабарлады департаменттен.

Еске сала кетейік, бойжеткен 4 қараша күні шамамен сағат 09.00-де Ақсай қаласы Заводская көшесі, 88 мекен жайындағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Оның айырықша белгілері, киіп кеткен киімі бойынша ақпарат таратылып, іздестіру жұмыстары басталған болатын.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.