{metadescription}
Әйел 6 жасар ұлын жүйткіген көлік рөліне отырғызды

Әйел 6 жасар ұлын жүйткіген көлік рөліне отырғызды

Татарстан тұрғыны алты жасар баласын көлік рөліне отырғызды.

Артынша ол ұлының көлікті сағатына 130 шақырым жылдамдықпен жүргізшен видеосын желіде жариялады. Видеоны Набережные Челны қаласында тұратын Агина Алтынбаева түсірген. Оның айтуынша, бала көлікті бірінші рет жүргізіп отырған жоқ.

"Ол төрт жасынан бастап көлік тізгіндейді. Қазір ол алтыда, бұдан еш жаман нәрсе көріп тұрған жоқпын. Жол-патрульдік инспекторлары маған бірдеңе деп айтса да, ештеңе етпейді", - деді Алтынбаева "Говорит Москва" радиостансанциясына.

Баланың анасы желіде өзіне қатысты жазылған жағымсыз пікірлерге ашумен жауап берген. Алтынбаеваның сөзінше, оны жағдайды түсіндіру үшін құзырлы органдарға шақырмаған. Бұған дейін Алтынбаеваға қолында сәби ұстап көлік тізгіндегені үшін 5300 рубль көлемінде айыппұл салынған екен. Бұл жайында да әлеуметтік желіден белгілі болды. Ол кезде әйел балаларды тасымалдау ережелерін бұзғаны, автокөлікті қауіпсіздік белбеуін тақпай жүргізгені, әйнектерді қараңғылағаны және сақтандыру полисінің жоқ болғаны үшін айыппұлмен жазаланған еді.

Агинаның төрт баласы бар. Олардың үлкені тоғыз жаста болса, кішісіне тоғыз ай. Балаларын әкесіз өсіретін ол бәрін рөлге кішкентайынан тәрбиелеп келеді. Жол ережелерін бірге талқылайтын ана балаларына жол ережесін барлығы бұзатынын айтып отырады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.