{metadescription}
Полиция қызметкері қайтыс болған адамға айыппұл салып келген

Полиция қызметкері қайтыс болған адамға айыппұл салып келген

Ресейдің Костром облысында полицейлер қайтыс болған ер адамның атына жалған хаттамалар толтырған.

Бұл прокурорлық тексеріс кезінде анықталды. 

«Тексеріс барысында 2019 жылдың шілде-қазан айларының аралығында муниципаларалық полиция бөлімінің қызметкерлері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің «Қоғамдық орындарда мас күйінде жүру» бабына сәйкес үш жалған хаттама толтырып, Шарья тұрғынының айыппұл түріндегі жауаптылыққа негізсіз тартылғаны анықталды», - делінеді хабарламада. 

Ведомство мәліметінше, ер адам 2019 жылдың маусым айында көз жұмған екен, деп жазады stan.kz

«Тексеріс материалдары полиция қызметкерін қылмыстық қудалау мәселесін шешу үшін, тергеу органдарына жіберілді. Қазіргі уақытта қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды», - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.