Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Нұр-Сұлтанда екінші ауысымда оқитындар үшін сабақ болмайды
Елордада бұрқасын салдарынан екінші ауысымда оқитын 0-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды.
12:04 19.11.2019
Сабақтың болмайтыны туралы ақпаратты елордалық білім басқармасы таратты.
"19 қарашада ауа райының бұзылуына байланысты (қатты жел мен жолдың нашар көрінуі) қала мектептерінде екінші ауысымда оқитын 0-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды", - делінген мәліметте.
Бүгін таңертең Нұр-Сұлтанда бастауыш сыныптар оқыған жоқ. Жуырда Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті дабылды ескерту жариялаған болатын. Қазгидромет мәліметіне сай, 19 қарашада қар жауып, бұрқасындатады, жел 15-18 м/с дейін күшейеді. Сабақтың болмайтыны жайлы қайдан білеміз. Ескертуді білім саласындағы мемлекеттік органдар жасайды. Бірінші ауысым сағат 6:15-тен, ал екінші және үшінші ауысым сағат 12:15-тен бастап хабарландырылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram