{metadescription}
Елордада аязды күні 17 жастағы мүгедек баланы автобустан түсіріп тастаған

Елордада аязды күні 17 жастағы мүгедек баланы автобустан түсіріп тастаған

Ақмола облысы аумағындағы «Лесная поляна» аялдамасында қоғамдық көлік жүргізушісі 17 жастағы мүгедек студентті аязды күні автобустан түсіріп тастаған.

17 жастағы колледж студентінің туыстарының айтуынша, оқиға 20 қарашада болған. Бала Қосша ауылынан елордалық колледжге оқуға баратын.

«Кеше таңертеңгі сағат 7.30-да екінші топтың мүгедегі – 17 жастағы жиенімді «Лесная Поляна» аялдамасында №303 автобус жүргізушісі «жол жүру билетің жарамсыз» деп жолдан түсіріп жіберген. Көшедегі 25 градустық аязда жиенім колледждегі сабағына кешігіп қалған. Қалтасында небары 105 теңге болатын. Қосша ауылы қала аумағынан 500 метр ғана қашықтықта орналасқан. Мұндай аязда адамды қалай түсіріп кетуге болады? Неліктен Қосшы тұрғындары үшін мұндай ережелер енгізілген?», - деп жазды Жәмилә Елеусізова атты тұрғын facebook парақшада.

Жасөспірім екінші топтағы мүгедек, бес жасында ота жасаған. Оның миында ісік болған, сол жақ көзі көрмей қалған. «Астана LRT» компаниясының басшысы Бекмырза Игенбердинов Facebook-те жүргізушінің кәмелетке толмаған жолаушыны тастағаны дұрыс емес деп жазды.

«Алайда, ішкі тергеу жүргізу үшін бізге автобус пен жүргізуші туралы ақпарат қажет. Жолаушыны тастап кеткен жүргізушіні анықтап, оған қатысты тиісті шараларды қабылдау керек», - деп жазды Бекмырза Игенбердинов.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.