«Алматы - Өскемен» тасжолында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Көктайғаққа байланысты «Алматы - Өскемен» тасжолы жабылды.
16:42 06.12.2019
«Көктайғаққа байланысты «Алматы - Өскемен» автожолының 615-768 шақырымы және «Таскескен - Бақты» автожолының 0-75 шақырымында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Жолдағы жағдай туралы ақпаратты білу және бөлісу үшін + 7 7172 444 777 нөміріне және +7 771 744 47 77 ұялы телефоны бойынша диспетчерлерге WhatsApp чатына хабарласуға болады», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Түркістан облысында көлік апатқа ұшырап, каналға құлаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары