Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Соғыста өлген жауынгердің 75 жыл бұрын жазған хаты табылды
Ресейлік ерікті Ольга Стружанова Ұлы Отан соғысы жауынгерінің хатын тапты.
10:51 07.12.2019
Забабурин Иванның хаты радиоэфирде оқылды, деп хабарлайды Қазақ радиосы.
"Менің әйеліме беріңіздер. ҚазКСР, Арал теңізі қаласы. Пушкин көшесі, 4-үй, Забабурина Анастасия Леонтьевна", - деп жазылған хатта.
Қазір радио тілшілері жауынгердің туыстарын іздестіруде. Нәтижесі де жоқ емес. Забабурин тегі бар адамдар Шымкент қаласынан табылған. Еске сала кетсек, Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1,2 миллион адам қатысты. Бұл халық санының 20 проценті.
Кеңес Одағының батырын атағын 528 қазақстандық алды. 110 мың адам Даңқ орденімен марапатталды. Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Леонид Беда мен Иван Павлов екі мәрте Кеңес Одағының батыры атанды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram