Шымкентте өзін-өзі өртеп жіберген әйел қайтыс болды
Шымкентте өзін өртеп жіберген әйел бір апта бойы жансақтау бөлімінде жатып, көз жұмды.
11:45 09.12.2019
Қайғылы оқиға 3 желтоқсан күні Тассай ауданында болған. 31 жастағы келіншек Юсуф Сайреми көшесіне шығып, үстіне жанатын зат құйып өртеп жіберген. Денесін қатты күйік алған ол жедел жәрдемді өзі шақырған. Жәбірленушінің басы, мойны күйіп, жалпы денесінің 85 пайызын күйік шалған. Дәрігерлер оны аман алып қалудың барлық амалын жасағанымен, ағзасы күйікке төтеп бере алмаған.
Шымкент полицейлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Алдын ала болжам бойынша, әйел сүйіктісімен сөзге келіспей қалғаннан кейін өзін-өзі өртеп жіберген болуы мүмкін. Бұған дейін, Шымкентте әйел өзін-өзі өртеп жібергені туралы хабарлаған болатынбыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!