Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Талдықорғанда ер адам жолаушылар автобусына балтамен шабуыл жасаған
Талдықорғанда ер азамат жолаушылар автобусына балтамен шабуыл жасап, тұрғындарды шошытты.
13:16 09.12.2019
Мұндай ақпарат Instagram желісіндегі Тaldykorganec_ka парақшасында жарияланды. Жазба авторының айтуынша, оқиға 6 желтоқсанда таңғы 7:00 шамасында қалаға қарасты Еркін ауылында болған. № 26 мектептің маңындағы аялдамада ер адам балтамен автобустың терезелерін шаққан. Автордың айтуынша, жүргізуші мен жолаушылар зардап шеккен жоқ. Oқиғаның соңғы аялдамада болғанын анықтаған. Бірнеше адам осы оқиғаның куәгері болған.
Аталған жайт туралы ақпарат пен сурет әлеуметтік желіде тарап кетті. Соған байланысты, тәртіп сақшылары қала тұрғындарын қылмыстық тергеу фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс және бұзақыны іздеу бойынша ұйымдастырылған іс-шаралар туралы хабардар етіп, сабырға шақырды.
"8 желтоқсанда Талдықорған полицейлері күдіктінің кім екенін анықтады. Ол қалалық полицияға жеткізілді. Ол психикалық ауытқуы бар 49 жастағы ер адам, ресми түрде медициналық есепте тұр. Куәгерлер де оны таныды. Балта да табылып, тәркіленді", - деді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері.
Полицейлердің айтуынша, ер адамның әрекеті қылмысқа жататын болғандықтан, ол өңірлік психоневрологиялық диспансерге жатқызылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram