Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда қаскөй мүгедек қызды бес сағат қинап, зорлаған
Алматыда 3-ші топтағы мүгедек қызды 53 жастағы көршісі зорлады.
14:57 09.12.2019
Бұл туралы Facebook желісіндегі "НеМолчи.kz" қозғалысының мүшелері жазды.
"НеМолчи.kz" тобының мәліметінше, зорлау оқиғасы 29 қарашада болған. 53 жастағы күдікті жәбірленушінің көршісі. Ол өз құрбанына есірткі пайдалануға мәжбүрлеген деген ақпарат та бар. "Ол нәзік қызды өз гаражына сүйреп, бес сағат бойы қинаған. Азаптау кезінде, ол оны ұрып-соғып, өлтіремін деп қорқытқан. Сондай-ақ, ол өз телефонынан бұрындары осылайша азаптап, өлтірген қыздардың суретін көрсеткен. Бірнеше рет өз дегенін жасамаған жағдайда шұңқырға көміп тастайтынын айтқан", - делінген әлеуметтік желідегі хабарламада.
Абырай болғанда бойжеткен қылмыскердің қашып құтылыпты, артынша үйіне оралып болған жайтты жақындарына айтып берген. Осы оқиғаға қатысты Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің өкілдері пікір білдірді.
"Медеу аудындық полиция бөліміне арыз 30 қараша күні келіп түсті. Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 1 бабы 120 тармағы бойынша іс қозғалды. Күдікті артынша ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынды ", - полиция бөлімінің қызметкерлері.
ІІМ баспасөз қызметінің өкілдері, осы істі ішкі істер министрі бақылауға алғанын айтты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram