Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ит жедел жәрдем шақыруға көмектесіп, иесінің өмірін сақтап қалған
Англияның Престон қаласы, Ланкашир графствосында иесі баспалдақтан құлап кеткен кезде, төбет алты жасар балаға жедел жәрдем шақыруға көмектескен.
00:52 10.12.2019
36 жастағы Мия Эллери (Mia Ellery) үйіндегі баспалдақтан құлап кетіп, тұра алмай қалған. Қол-аяғын сезбей, мүлдем қозғала алмай қалған. Көмекке шақырғанымен, 6 жасар қызы Хонор (Honour) құлаққаппен мультфильм көріп жатқандықтан ештеңе естімеген. Сол кезде Мия Бентли деген итіне қызын алып келуді өтініп белгі берген. Лабрадор қонақ бөлмеге жүгіріп, қызының құлаққабын жұлып алған. Кейін бөлмеден шықпайынша киімін жұлқылай берген.
Одан соң иесінің телефонын тауып берген, қызы дәрігерлерді шақырады. Олар келгенше төбет Мияның жанынан шықпаған. Әйел адам арқасы және омыртқасы зақымданып ауруханаға жатқызылды. Мия лабрадорына риза болып, көптен бері тоңазытқыштан сыра, теледидардың пультын, мобильді телефонды әкелуді үйретіп қойғанын айтты.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram