Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жүкті кезінде 20 кг салмақ тастаған келіншекке дәрігерлер диагноз қоя алмаған
32 жастағы Мишели Муньос екіқабат екендігін білгенде ана болуды қатты армандады.
14:09 13.12.2019
Тіпті, қуанышында шек болмады. Дегенмен оның жүктілігі ауыр өтті. Болашақ ана сол кезде адам төзгісіз, шыдау мүмкін емес күйзелістерді бастан өткізген. Әрдайым бір жері ауырып, тыныс алуы мен қозғалуы қиындай берді. Күнібойы төсекте жатса да Мишели жүкті кезінде шамамен 20 килограмдай салмақ тастаған.
Аяғының ауырлығына байланысты салмақ қосудың орнына арықтап кеткен ол, бүл жағдайына таңқалып, денсаулығын тексермек мақсатында дәрігерлер көмегіне жүгінеді. Тіпті, бір дәрігер оның диагнозын таба алмағандықтан бірнеше дәрігерге қаралады. Бірақ, мамандардың барлығы жүктіліктің ауыр жағдайы, күйзеліс пен жиі жүрек айнып, құсудың әсерінен деп қоя салады.
Айы- күні жетіп, босанғанда Мишели сәбиін шала туады. Өте әлсіз болғаны соншалық, тіпті, сәбиді қолға ұстау мүмкін болмаған. Тек бір ай өткен соң ғана бір дәрігерге қаралып, әлгі дәрігер әрең дегенде баланың диагнозын дұрыс табады. Балаға Ходгкиннің лимфома, лимфа жүйесінің қатерлі ауруы диагнозын қояды.
"Дәрігер мұндай диагнозбен аман туылып, тірі болуының өзі ғажайып", - деп айтты дейді Мишели өз сөзінде.
Баласының диагнозы аяқталғаннан кейін Мишели бір жыл бойы химиятерапияның 20 курсын толықтай алып,түрлі ем қабылдады. Бастапқы айларда қатты қиналып, емнің екінші айында шашы түсіп қалды. Бірақ, үшінші айда ұлын қолына ұстауға шамасы келіп, ана бақытын сезді.
Айтпақшы, Мишелиде екіқабат кезінде денесіндегі қанның бәрі сарқылып қалған. Сондықтан ол химиятерапия қабылдаған екен. Қазір Мишелидің баласының да, өзінің де денсаулығы қалыпты. Ана атанған Мишели жұмыс істеп жүр.
Дереккөз: Skifnew.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram