Мектеп дәретханасында оқушыны зорлаған педофилге кастрация жасалатын болды
Таразда мектептің көше дәретханасында жетінші сынып оқушысын зорлаған ер адам 25 жылға сотталды.
15:17 24.01.2020
2019 жылдың қараша айында төтенше жағдай болды. Сабақ барысында қыз көшеде орналасқан дәретханаға барған. Онда оны бұрын сотталған 38 жастағы ер адам зорлады. Сот айыпталушыны Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша - «Кәмелетке толмаған адамды сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсету» және «Кәмелетке толмаған адамды зорлау» бойынша кінәлі деп тапты.
«25 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындай отырып, кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты педагогикалық лауазымдарды атқару құқығынан айыру, жазаның алғашқы 5 жылын толықтай күзет мекемесінде өтеу, қалған бөлігін жазасын ең күшті қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде өтеу» үкімін судья Кенжеғали Кенжебеков оқыды. Судья сотталушы өз кінәсін толық мойындап, өкінгенін айтты.
Сотталушыға түрмеде химиялық кастрация, сондай-ақ маскүнемдіктен емдеу тағайындалды. Сонымен қатар, сот азаматтық іс қозғап, жәбірленушінің пайдасына 5 миллион теңге өндіріп алды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары