ҚР СІМ коронавирус мәселелері бойынша жедел желі ашты
ҚР СІМ-де коронавирус мәселелері бойынша жедел желі ашылды.
17:42 28.01.2020
"ҚР Сыртқы істер министрлігінде ҚХР-дағы коронавирус мәселелері бойынша жедел желілер ашылғанын хабарлаймыз. Жұмыс уақытында Қазақстан азаматтары келесі нөмірлер бойынша хабарласа алады: +7 (7172) 72-05-49, +7 (7172) 72-01-98, +7 (7172) 72-04-93. Жұмыстан тыс уақытта және демалыс күндері +7 (7172) 72-01-11 нөмірі бойынша хабарласуға болады", - делінген ресми хабарламада.
Сонымен қатар, ҚХР-дың кейбір қалаларында карантиннің енгізілуіне байланысты Қытай аумағындағы біздің азаматтар үшін Қазақстанның Пекиндегі Елшілігінде +86 10 65324189 телефоны бойынша тәулік бойы жедел желі ашылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!