Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қостанайда із-түзсіз кеткен екі адам қар астындағы жертөледе жатқан
Қостанай қаласының құтқарушылары екі адамды құтқарды.
19:06 28.01.2020
23 қаңтар күні «112» қызметіне Ақсай ауылынан 35 шақырым жерде далалық алқап аумағында қиындыққа тап болған екі адам жөнінде қоңырау келіп түскен. Жерді өңдеуге жаңа техникамен бірге адамдар жіберілген.
«Ауа райының күрт нашарлауына байланысты оларды жедел эвакуациялау қажет болған. Байланыс болмағандықтан төтенше жағдайға ұшыраған адамдардың орналасқан жері мен жағдайы беймәлім болған. Ақтүтек бораннан жол көрінбейді, соған қарамастан іздеу-құтқару жұмыстарын «Нива Марш – Бронто» көлігі жүргізді. Құтқару операциясына Арқалық қаласының бөлімшелері, оның ішінде Қостанай қаласының жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Байділдин Ж., Жармағанбетов Е., бас құтқарушы Жанаев А. қатысты. Құтқарушылар бір тәуліктен кейін оларды жертөледен тауып алған», - деп мәлім етті комитеттен.
Табылған азаматтардың жағдайы бірқалыпты. Зардап шеккендер Ақсай ауылына жеткізілді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram