{metadescription}
Коронавирус таралған кемеде 4 қазақстандық бар екені анықталды

Коронавирус таралған кемеде 4 қазақстандық бар екені анықталды

Жапонияның жағалауында орналасқан Diamond Princess круиздік кемесінде төрт қазақстандық бар.

Бұл туралы брифингте Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді.

«Лайнерде әлемнің 50 елінен 3700 азамат карантинге алынды. Коронавирустың 174 жағдайы расталды. Қазіргі уақытта төрт қазақстандықтың денсаулығы қанағаттанарлық. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері жүргізілуде», - деді Ахметшәріп.

Ол лайнердегі карантин 19 ақпанда аяқталатынын атап өтті. Ақпан айының басында Diamond Princess круиздік кемесінде коронавирустың жаңа түрін жұқтырған жолаушы бар екені белгілі болды. Ол Гонконгтың 80 жастағы тұрғыны болып шықты. Кейінірек тағы бірнеше жолаушы вирус жұқтырғаны анықталды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде