{metadescription}
Цирк кезінде сілеусін үйретушісін бас салған

Цирк кезінде сілеусін үйретушісін бас салған

Оңтүстік Осетияда цирк қойылым кезінде оқыс оқиға болды.

Желіде жарияланған видеода цирк қойылымы болып жатқан сәт түсірілген. Бір кезде үйретуші қарғы бауға байланған жануарды жоғарыдан төменге қарай түсіру үшін бірнеше рет тартады. Жоғарыда құлайын деп отырған жануар қарсыласуға тырысты.

Алайда, жерге құлап түскен сілеусін өзінің үйретушісін бас салып, оған шабуыл жасайды. Кейіннен ашуға булыққан үйретуші қоластындағы жыртқыш аңды сүйретіп, сахнадан алып кетеді. Желі қолданушыларын жыртқыш аңды жәбірлеу емес, шоу кезіндегі сахна мен көрермендер арасындағы қоршаудың болмағаны ашуландырды. 

«Адамдарға ақша тапса болды, қауіпсіздік туралы ешкім ойлағысы да келмейді», - деп жазды юзерлердің бірі. 

Дереккөз: Baq.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.