Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге 30 мың теңгеден беріледі
Болат Өтемұратовтың қоры көктемгі су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға ақшалай көмек береді.
14:23 10.03.2020
Бұл туралы қайырымдылық қорының директоры Марат Айтмағамбетов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтып берді.
«Көмек картасы жобасы 2018 жылы басталған. Біздің Қор көктемгі су тасқынынан, техногенді апаттардан зардап шеккен өңір тұрғындарына қаражат бөледі. Мұнда Қызыл жарты ай ұйымы көмекке мұқтаждарды анықтайды және Fortebank өз карталары арқылы ақша аударымын қамтамасыз етеді. Әрбір зардап шеккен тұрғынға 30 мың теңгеден беріледі. Әрине, ең алдымен баспанасы қирағандар, жалғызбасты зейнеткерлер, мүгедектер, жалғызбасты аналар, көпбалалы, аз қамтылған жанұялар назарға алынады», - деді М. Айтмағамбетов.
Оның айтуынша, төтенше жағдайда гуманитарлық көмек көрсететін ұйымдар жетерлік. Олар азық-түлікпен және қажетті киім-кешектермен қамтамасыз етеді.
«Біз өз кезегімізде зардап шеккендерге ақшалай көмек көрсетуді ұйғардық. Бұл қаржыға қажетті заттар, дәрі-дәрмек, құрылыс материалдарын алуға болады. Гуманитарлық көмекті, жүкті тасымалдаудың өз шығындары бар. Ал тікелей қаржылай көмек аудару өте тиімді. Қаражатты Қазақстанның кез келген нүктесіне жылдам жіберуге болады», - деді қор директоры.
2018 жылы «Көмек картасы» жобасы арқылы Шығыс Қазақстан обылсындағы 863 отбасы 82 млн теңге көмек алған. 2019 жылы 114 млн теңге ақшалай көмек Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстары мен Арыс қаласындағы 764 отбасына көрсетілген.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram