{metadescription}
Сәбиге Корона деген есім қойылды
Үндістанның Уттар Прадеш штатында сәбиді коронавирус құрметіне атады.
15:43 25.03.2020
Қызға Корона есімі берілді. Қыздың ағасы Нитеш Трипатидің айтуынша, коронавирус өте қауіпті, бірақ адамдардың бір жағадан бас, бір жеңген қол шығаруына жағдай жасаған. Салауатты өмір салтын ұстануға итермелегенін алға тартты. Ол қазіргі уақытта дүрбелең туғызбай, дәрігерлердің кеңесіне құлақ асу керек екенін айтып отыр.
"Сәби адамдардың вируспен күресінің символы болады", - деді ол.
Корона бұл өңірде коменданттық сағаттың енгізілуіне бірер сағат қалғанда дүниеге келген.
Серіктестер жаңалықтары
ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ