Алматылықтар кешке балконға шығып дәрігерлерге қошемет көрсетеді
Алматыда эстрада жұлдыздары, блогерлер кешкі сағат 20.00-де балконға шығып дәрігерлер құрметіне қол соғуға шақырды.
19:25 25.03.2020
Отандық шоу-бизнес өкілдерінің, шенеуніктердің бұл акциясы коронавирус індетімен күресіп жатқан дәрігерлер, медицина мамандары, полиция қызметкерлері, әскерилер, волонтерлер, санэпидемиологтер сияқты мамандарды қолдауға арналған. Әлеуметтік желіде #almatybirgemiz хэштегімен таралып жатқан ақпаратта адамдар кешкі сағат 20.00-де балконға шығып 1 минут қол соғуға ұсыныс білдіріп жатыр.
«Өздері қызмет барысында осындай құрбандыққа барған жандарды қолдайық», - деді әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!