{metadescription}
Ғалымдар күн сәулесі коронавирусты қанша уақытта өлтіретінін анықтады

Ғалымдар күн сәулесі коронавирусты қанша уақытта өлтіретінін анықтады

АҚШ талдау және биологиялық қорғауға қарсы әрекет ұлттық орталығының ғалымдары күн сәулесі SARS-CoV-2 вирусын жоя алады деп мәлімдеді.

Бірақ бәрі күн сәулесінің әсер ету ұзақтығына, географиялық ендікке және тәулік уақытына байланысты. Бұл туралы ZMES cience басылымы жазды. Эксперимент барысында зерттеушілер табиғи жарық келтіруші шамдардың астына болат табақшаға вирус үлгілерін орналастырды. Солтүстік ендіктің талтүс кезіндегі 40 градус ыстығында 6,8 минуттан кейін вирустың 90% сілекейдегі, ал 14,3 минуттан кейін тіршілік ортасындағы белсенділігін жоғалтатыны анықталды.   

"Жарықтың төмен интенсивтілігі кезінде де қатерсіздендіру (дезактивация) процесі басталады, бірақ баяу жүреді", - дейді зерттеу авторлары.

40 градустық параллельде Испания, Португалия, Италия, Грекия, Түркия, Армения, Әзербайжан, Орта Азия елдері, Қытай, Жапония және АҚШ-тың оңтүстік штаттары орналасқандығы хабарланды.   

Дереккөз: Sputnik

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде