{metadescription}
«Ertis» футболдан Қазақстан чемпионатына қатысудан бас тартты

«Ertis» футболдан Қазақстан чемпионатына қатысудан бас тартты

Павлодардың «Ertis» клубы футболдан Қазақстан чемпионатына қатысудан бас тартты.

Кәсіпқой футбол лигасы атына аталған командадан өтініш түскен. Өтініште футбол клубының қамқоршылық кеңесінің жалпы жиналысында клуб тарапынан қаржы және спорттық міндеттемелерді орындай алмайтындығы жөнінде шешім қабылданғаны жөнінде айтылған. Осыған байланысты команда 2020 жылғы Қазақстан чемпионатына қатысуға бас тартқан.

«Қабылданған өтінішке байланысты «Ertis» футбол клубы чемпионатқа қатысушылар тізімінен шығарылады. Футболдан Қазақстан чемпионатыны регламентінің 4.18 пунктіне сәйкес егер де чемпионаттан шығарылған клуб чемпионат барысында 22 ойыннан кем кездесу өткізсе (1-ші және 2-ші айналымды аяқтамаса), оның барлық нәтижесі жойылады. Сонымен қатар «Ertis» клубының бас командасы Қазақстан чемпионатына қатысуға бас тартқаны үшін клубтың жастар командасы екінші лига командалары арасындағы біріншілікке қатыса алмайды. «Ertis» футбол клубының барлық ойындары Чемпионаттың жаңартылған күнтізбесінен алынып тасталады», - деп мәлім етті Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы.

Команда 1965 жылы құрылған. Қазақстан чемпионатында 1993, 1997, 1999, 2002, 2003 жылдарда чемпион атанса, 1994, 1996, 2004, 2012 жылдарда күміс жүлдегер болды. Ал 1992, 1998, 2000, 2008, 2010, 2016 жылдарда қола жүлдеге қол созды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.