Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақтауда бойжеткен көлікті ұрлап, жол апатына ұшырады
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, бойжеткен қаладағы көлік жуу орындарының бірінде онда келушілермен бірге демалып жүрген.
17:21 01.06.2020
Бір кезде ол біреудің көлігіне мініп алып, оны айдап әкетті. Одан кейін жол-көлік апатына түсіп қалған. Ведомстводан хабарлағандай, сағат 06:00-де кезекшінің пультіне қаланың 33-ші шағынауданында жол талғамайтын көліктің апатқа ұшырағаны туралы хабарлама келіп түскен.
«Оқиға орнына шұғыл түрде Ақтау полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері шықты. Көлікті басқарған бойжеткеннің мас болғаны анықталды. Ол жолдың жиегіне шығып кетіп, аударылды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды», - деп атап өтті Маңғыстау облыстық полиция департаментінен.
Бұзақыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы (көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде басқару) және 610-бабы (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) бойынша хаттама толтырылды. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram