{metadescription}
Ата-аналарға ҰБТ тапсыру орындарына келуге тыйым салынды

Ата-аналарға ҰБТ тапсыру орындарына келуге тыйым салынды

Биыл коронавирус індетіне байланысты қазақстандық түлектердің ата-аналары мен туысқандары ҰБТ пунктерінің аумағына кіргізілмейді.

Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. 

"Ата-аналарға және басқа адамдарға балаларды ҰБТ өткізу пунктерінде күтуге тыйым салынады. Ата-аналар үшін ҰБТ барысын сол жерге келмей-ақ, үйінде отырып көру үшін онлайн көрсетілім ұйымдастырамыз", - деді министр үкімет отырысында.

Сонымен қатар, ҰБТ өткізу пунктері баррикадалық ленталармен жабдықталады. Түлектерді пунктерге кіргізу кезінде екі метр ара қашықтық сақталады. Аудиторияларда да талапкерлер бір-бірінен екі метр алшақ отырады. Сондықтан, Аймағамбетовтің айтуынша, ҰБТ өткізу пунктерінің тек 50 проценті ғана толтырылады. Бұдан бөлек, ол коронавирустың таралуын азайту мақсатында қосымша тағы бес сақтық шарасы қолға алынғаны айтты. 

Олар: 

  • тест тапсырушыларды дезинфекциялық тоннельдерден өткізу; 
  • аяқкиімдерді арнайы зарарсыздандыру кілемшелерімен өңдеу; 
  • қолды санитайзермен өңдеу; 
  • әр талапкердің дене қызуын өлшеу;
  • бірреттік жаңа маскалар беру. 

Айта кетсек, биыл ҰБТ 20 маусымнан 5 шілдеге дейін 15 лекпен санитарлық талаптарды қатаң сақтау арқылы 161 пунктте өткізіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде