Доллар арзандады - валюта айырбастау пункттеріндегі бағам қандай
2 маусымға Ұлттық банк бекіткен валютаның ресми бағамы 408,61 теңге.
15:19 02.06.2020
Қазақстандық валюта айырбастау пунктері ұлттық валютаның нығаюын бірден ескерді. Астанадағы валюта айырбастау пунктерінде бір доллар 400-402 теңге сатып алынуда, 403-408 теңгеге сатылып жатыр. Алматының валюта айырбастау пунктерінде долларды 403-405 теңгеге сатып алуға болады, ал сату бағамы 398,5 - 402,5 теңге.
ОПЕК+ келісімі
Наурыз айының басында коронавирус пен ОПЕК+ келісімінің жүзеге аспауына байланысты мұнай құны шамамен екі есеге арзандады. ОПЕК+ елдері өндірілетін мұнай көлемін қысқарту туралы келісімге келе алмады. Осы жағдайларға байланысты 19 наурызда антирекордтық көрсеткіш - бір доллар үшін 448,5 теңге болды.
Еске сала кетсек, 12 сәуірде ОПЕК+ елдері мамыр-маусым айында мұнай өңдеуді тәулігіне 9,7 миллион баррельге дейін азайту туралы келісімге келді. Екінші жартыжылдықта - 7,7 миллион баррельге және 2022 жылдың сәуір айына дейін 5,8 миллион баррельге қысқартылады. Келісім 1 мамырдан бастап күшіне енді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!