{metadescription}
Доллар арзандады - валюта айырбастау пункттеріндегі бағам қандай

Доллар арзандады - валюта айырбастау пункттеріндегі бағам қандай

2 маусымға Ұлттық банк бекіткен валютаның ресми бағамы 408,61 теңге.

Қазақстандық валюта айырбастау пунктері ұлттық валютаның нығаюын бірден ескерді. Астанадағы валюта айырбастау пунктерінде бір доллар 400-402 теңге сатып алынуда, 403-408 теңгеге сатылып жатыр. Алматының валюта айырбастау пунктерінде долларды 403-405 теңгеге сатып алуға болады, ал сату бағамы 398,5 - 402,5 теңге.

ОПЕК+ келісімі

Наурыз айының басында коронавирус пен ОПЕК+ келісімінің жүзеге аспауына байланысты мұнай құны шамамен екі есеге арзандады. ОПЕК+ елдері өндірілетін мұнай көлемін қысқарту туралы келісімге келе алмады. Осы жағдайларға байланысты 19 наурызда антирекордтық көрсеткіш - бір доллар үшін 448,5 теңге болды.

Еске сала кетсек, 12 сәуірде ОПЕК+ елдері мамыр-маусым айында мұнай өңдеуді тәулігіне 9,7 миллион баррельге дейін азайту туралы келісімге келді. Екінші жартыжылдықта -  7,7 миллион баррельге және 2022 жылдың сәуір айына дейін 5,8 миллион баррельге қысқартылады. Келісім 1 мамырдан бастап күшіне енді.

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде