{metadescription}
Бастығы тірі құрт жегізіп жазалаған

Бастығы тірі құрт жегізіп жазалаған

Қытайдағы интерьер дизайн фирмасының жұмысшылары сатылым жоспарын орындамағаны үшін бастықтары жаза ретінде тірі құрттарды жеуге мәжбүр етті.

Қытайлық БАҚ-тарда жарияланған видеода арнайы киім киген әйел алақанында майлық ұстап тұрғаны байқалады, оның үстінде құрт жатыр, ал екінші әйел белгісіз нәрсені жұтып, оны сумен ішкені көрсетілген. Бейнежазбаны журналистерге Гуйчжоу провинциясының Бицзе қалалық округінде орналасқан фирманың қызметкері жіберген деп хабарлайды. Оның айтуынша, орындалмаған жоспар үшін мұндай жаза барлық қызметкерлер қол қойған келісімшартта көрсетілген.

Тірі құртты жеуге балама ретінде 500 юань айыппұл төлеп, барлық әріптестеріне таңғы ас сатып алу керек болады. Бірақ көпшілігі қосымша шығынды төлей алмады. Компания белгілеген жазалардың тізбесіне тірі ұсақ балықтарды жұту және кеңсе дәретханаларын жуу кіреді. Бейне көпшілікке жария болғаннан кейін жергілікті билік оқиғаға қатысты тергеу жүргізуде, компания қызметкерлеріне басшыларынан қорқытулар түскені белгілі болды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде