Елордада газ баллоны жарылып, тұрғын үй өртенді
Нұр-Сұлтан қаласында жер үйде газ баллоны жарылып, ауқымды өрт көрші коттеджді де шарпыған.
09:14 05.06.2020
Өрт сөндірушілер қазір тілсіз жаумен күресіп жатыр.
«Бүгін сағат 17.47 уақытында «101» пультіне Жангелдин көшесі, 31/4 мекенжайындағы жер үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері оқиға орнына 4 минутта жетті. Өрт сөндірушілер келген кезде қызыл жалын едәуір үдеп кеткен еді. Белгілі болғандай, газ баллоны жарылып, артынша тілсіз жау сол үйдің жанындағы коттеджді де шарпып кеткен», - деп хабарлайды департаменттен.
Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер өртті сөндіріп жатыр. Тілсіз жауды ауыздықтауға қосымша күш те жұмылдырылған. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге 8 арнайы техника мен жеке құрамнан 33 адам тартылған.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!