{metadescription}
Карантин талаптарын бұзған қазақстандықтар айыппұл төлейтін болды
Қазақстанда карантинді бұзғандар үшін айыппұл мөлшері ұлғайтылды: ол 83 000 теңгеден асады.
15:23 02.07.2020
Осы аптада Қазақстанда қабылданған жарлық бойынша, карантинді бұзғаны үшін айыппұлдың мөлшері көбейеді. Бұл туралы вице-премьер Ералы Тоғжанов мәлімдеді.
Оның айтуынша, карантинді бұзғаны үшін айыппұлдар:
- жеке тұлғалар үшін 30 АЕК-тен (83 340 теңге),
- заңды тұлғалар үшін 230 АЕК-тен (638 940 теңге) тұрады.
Еске сала кетейік, бүгін Мемлекеттік комиссия 5 шілдеден бастап елімізде 14 күнге бірқатар шектеу шараларын енгізу шешімі қабылдады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!