Оралда бір күнде екі адам суға кетті
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қайғылы оқиға 4 шілде күні болды.
09:12 07.07.2020
Сағат 17.10-да Шаған өзегінде 2003 жылғы жасөспірім судан шықпай қалды. Достарымен бірге жүрген ол жабдықталмаған жерде суға шомылған. Құтқарушылар марқұмның денесін сағат 20.00-де судан шығарды.
Сол күні 1984 жылғы ер адам сағат 19.30-да Жайық өзеніне батып кетті. Достарымен бірге ішімдік ішкен ол да жабдықталмаған жерде шомылған. Марқұмның денесі 20.05-те шығарылды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!