Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматы тұрғыны ХҚКО ғимаратында босанды
Алматыдағы халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінде қыз бала дүниеге келді.
15:41 10.07.2020
Әйелдің толғағы Жетісу ауданының филиалында болды. Жүкті әйел өзінің танысымен бірге ХҚКО-ға өзінің тұрғын үйіне тіркелуге келгені туралы хабарлайды.
"Ол алдын-ала талонды 12.00-де алды. 10 минуттан кейін оның толғағы басталды. Мұны көрген халыққа қызмет көрсету орталығы басшысының міндетін атқарушы Қалмырза Сейтбеков оны дереу кабинетіне алып барып, диванға жатқызған. Содан кейін ол жедел жәрдем шақырды", - деді Жұманбай.
Оның айтуынша, жедел жәрдем келгенше ауруханаға баруға кеш болды. 12:30-да жетекшінің міндетін атқарушының кабинетінде қыз бала дүниеге келді. Бұл отбасындағы үшінші бала екендігі атап өтілді.
"Біз үшінші мәрте ата-ана болған азаматтарды қыздарының дүниеге келуімен құттықтаймыз! Жас ана қызметін ала алды. Бірақ біз отандастарымызды онлайн жүйе арқылы мемлекеттік қызмет алуға шақырамыз", - деді корпорацияның ресми өкілі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram