{metadescription}
Tүрмеге шабуыл жасалып, 20 адам мерт болды

Tүрмеге шабуыл жасалып, 20 адам мерт болды

Ауғанстанның шығысындағы Нангархар провинциясының әкімшілік орталығы Жалалабад қаласының түрмесіне шабуыл жасалып, салдарынан кем дегенде 20 адам қаза тапты.

Бұған дейін TOLOnews телеарнасы оқиға салдарынан бес адамның мерт болып, 42 адамның зардап шеккен туралы хабарлаған еді. 1TV арнасының мәліметінше, жанкешті Жалалабадтағы түрменің қасында тұрған автомобильді жарып жіберген. Ал TOLOnews-тің оқиғаның ізі суымай хабарлауынша, содырлар жарылысты пайдаланып, ғимараттың ішіне кіріп кеткен.

Қақтығыстар дүйсенбінің таңына дейін жалғасты, шабуыл жасаған бес содыр өлтірілді. Атауы белгісіз тағы бір ақпарат көзінің мәліметінше, шабуыл кезінде түзеу мекемесінен қашып кетпекке әрекеттенген 700 сотталушы ұсталған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

18 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.