Оралда 6 жасар қызды ұрлап кетпекші болған ер адам видеоға түсіп қалған
Оралда белгісіз ер адам алты жасар қызды ауладан алып кетпек болған.
18:19 03.08.2020
Оқиға видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды. Полиция оқиғаның мән-жайын түсіндірді. Видеода бір ер адамның есік алдында ойнап жүрген екі қыздың жанына келіп, не айтқаны белгісіз, біреуін ертіп әкетіп бара жатады. Жүрісінен асығыстық білінеді. Сол кезде келесі подъезден көршілері шығып, ана ер адамға жақындап келіп, сөйлей бастайды, ақырында күдікті әрі күмәнді адамға бірі қол жұмсайды. Полиция департаменті өкілі видео 2 тамызда кешке түсірілгенін хабарлады.
"Орал қаласы ПБ Зашаған полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне белгісіз ер адамның Мөңкеұлы көшесіндегі үйдің ауласынан алты жасар қызды алып кеткісі келгені туралы хабарлама келіп түсті. Қазіргі уақытта қыздың анасы жазған өтініш тіркелді. Ер адам анықталып, ұсталды. Ол мас болған", - деп атап өтті БҚО ПД баспасөз қызметі өкілі.
Полицейлер оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатқанын, содан кейін процессуалдық шешім қабылданатынын айтты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!