Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
СҚО-да ауыр жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, 2 адам мерт болды
Солтүстік Қазақстан облысында жеңіл көлік КамАЗ-бен соқтығысып, салдарынан екі адам көз жұмды.
18:30 12.08.2020
СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 11 тамыз күні сағат 15.20 шамасында Қызылжар ауданы Пеньково ауылының маңында болған. «Челябі - Новосибирь» автожолында Toyota Camry көлігін басқарған Мағжан Жұмабаев ауданының 62 жастағы тұрғыны қарсы бағытқа шығып кетіп, Булаево қаласының 56 жастағы тұрғыны тізгіндеген КамАЗ автокөлігімен бетпе-бет соғылған.
Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі және оның 1957 жылғы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. КамАЗ жүргізушісі зардап шеккен жоқ. СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаевтың айтуынша, жол-көлік оқиғасы дерегі Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Бірқатар сараптама тағайындалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram