Қазақстанда пневмониядан қайтыс болғандар саны 338 адамға жетті
19 қыркүйектегі COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырғандарға қатысты ақпарат жарияланды.
11:54 19.09.2020
COVID-19 белгілері бар пневмония бойынша, өткен тәулікте 235 жағдай тіркелді, 1 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 36 адам жазылып шыққан. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 30814, 338 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 26569 жетті.Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 684 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 39 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 003 науқас жатыр. 1 681 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 102 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 16 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары