Ақмола облысында жеңіл көлік жолдың қоршауына соғылды
«Екатеринбор-Алматы» тасжолының Ақмола облысы аумағы арқылы өтетін тұсында жеңіл көлік жолдың шетіндегі қоршауға соғылды.
17:12 24.09.2020
Ведомствоның мәліметінше, жол апаты 23 қыркүйек сағат 14:20 шамасында «Екатеринбор-Алматы» тасжолының 1080-шақырымында болған.
«Анықталғандай, «Mercedes-Benz» көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың шетіндегі қоршауға соғылды. Зардап шеккендер жоқ. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚбК 620-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - деп түсіндірді ведомстводан.
Айта кетсек, аталмыш жол апаты туралы бейнежазба әлеуметтік желіде жарияланды. Онда жолдың шетіндегі қоршаудың көлікке шаншылып қалғанын көруге болады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!