{metadescription}
Жарылыстан 3 адам қаза тауып, 15-і зардап шекті

Жарылыстан 3 адам қаза тауып, 15-і зардап шекті

Сәрсенбі күні Пәкістанның Карачи қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің ғимаратында жарылыс болды.

Салдарынан кем дегенде үш адам қаза тауып, 15 адам зардап шекті. Бұл туралы Doon газеті хабарлайды. Басылым мәліметінше, ғимарат қатты бүлінген, сондай-ақ жақын маңда орналасқан үйлер мен көліктердің терезелері сынған.

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, газ баллоны жарылған болуы мүмкін. Мамандар оқиға орнында келеңсіз жағдайдың себеп-салдарын анықтап жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде