ДДҰ басшысы пандемияның қиын кезеңіне дайындалуға шақырды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирустың таралуына байланысты әлемде қиын жағдай туындағанын хабарлады.
12:27 24.10.2020
"Біз COVID-19 пандемиясының қиын кезеңінде тұрмыз, әсіресе солтүстік жартышар. Келесі бірнеше ай өте қиын болады және бірқатар ел қауіпті бағытта қозғалып келеді. COVID-19 жағдайлары күрт өскен мемлекеттер тым көп және бұл ауруханалар мен реанимация палаталары өз мүмкіндіктерінің шегіне жететінін көрсетеді. Бұл тек қазан айы", - деді ДДҰ басшысы.
Ол мемлекет басшыларын өлім-жітім өсіп, денсаулық сақтаудың негізгі қызметінде дағдарыс болып, мектептер қайта жабылмау үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақырды. Ал ДДҰ бас ғылыми қызметкері Сумия Сваминатан қарашаның соңына қарай бір немесе екі Covid-19 вакцинасы сынақтың үшінші кезеңінен өткізілетінін мәлімдеді. Айтуынша, сол кезде препаратты төтенше жағдайлар кезінде қолдануға кеңес беруге болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!