{metadescription}
«АрселорМиттал Теміртау» шахтасында қалып кеткен машинист өлі табылды

«АрселорМиттал Теміртау» шахтасында қалып кеткен машинист өлі табылды

«АрселорМиттал Теміртау» шахтасында апат болып, 137 адамның 136-сы жер бетіне шықты, бұрғылау қондырғысы машинисі шахтада қалып кетті.

Бұрғылау қондырғысының машинисі Николай Шадиров өлі күйі табылды. Кеше кешкі сағат 21.53-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Ленин атындағы» шахтасында барлау ұңғымасын бұрғылау кезінде метан газы мен көмірдің ұсақ фракциялары бөлінгені туралы хабарланған еді.

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы марқұмның отбасына Қазақстан Республикасының заңнамасына және Ұжымдық шартқа сәйкес барлық қажетті көмек пен қолдауды ұсынады.

Николай Шадиров - бұрғылау қондырғысының 5-ші разрядты жерасты машинисі, компанияның көмір департаментінің «Спецшахтомонтаждегазация» басқармасында 16 жыл, оның ішінде 15-ін бұрғылау қондырғысының машинисі болып жұмыс істеген.
 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде