Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстанда 1 ақпанда халықты жаппай вакциналау басталады
1 ақпанда қазақстандықтарға COVID-19-ға қарсы вакцина егу науқаны басталады.
12:40 19.01.2021
Жыл соңына дейін 6 миллион адамға вакцина салу жоспарланып отыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. Министрдің айтуынша, 19 қаңтарда Қарағанды фармацевтика кешені мен Ресейлік тікелей инвестициялар қоры арасында "Спутник V" вакцинасының 20 мың доза алғашқы партиясын жеткізу туралы келісімге қол қойылады.
"1 ақпаннан бастап ең алдымен вакцина қажет топқа жататын тұрғындарға коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салуды бастау жоспарланып отыр. Кезең-кезеңмен салынған вакцина нәтижесінде жыл соңына дейін 6 миллионға дейін қазақстандыққа вакцина салу көзделіп отыр", - деді Алексей Цой Үкімет отырысында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram