{metadescription}
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды

Серік Егізбаев Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

"ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі бұйрығымен Егізбаев Серік Рахметоллаұлы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Серік Егізбаев 1963 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Қазақ мемлекеттік заң академиясын, сондай-ақ Жоғары комсомол мектебін бітірген.

Еңбек жолын Батыс Қазақстан облысындағы "Чапаев" зауытында жұмысшы болып бастаған. Ауыл шаруашылығы институтын бітіргеннен кейін зауытқа оралды. 1986 жылдан 1990 жылға дейін өңірдегі комсомол ұйымдарында әр түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 1990-1993 жылы Қазақстан Жастар Одағы идеология бөлімі меңгерушісі-хатшысы болған. 1993 жылы Батыс Қазақстан облыстық Қазақстан Жастар одағының бірінші хатшысы болып тағайындалды.

1997-1998 жылы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінде бас инспектор, Ұйымдастыру және кадр жұмысы департаменті директорының орынбасары лауазымында қызмет атқарды. 2000 жылдан 2001 жылға дейін Қаржы министрлігі Ұйымдастыру және кадр жұмысы департаментінің бөлім басшысы болды.

2019 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде