{metadescription}
Қазақстанда адам ағзасы саудасына байланысты жалған ақпарат тарап жатыр

Қазақстанда адам ағзасы саудасына байланысты жалған ақпарат тарап жатыр

Қазақстанда жақын арада пациенттің донорлыққа келісім беруі немесе бас тартуы туралы ақпарат барлық медицина қызметкерлеріне қолжетімді болатыны туралы хабарламалар тарап жатыр.

Кейбіреулерінің пікірінше, бұл медициналық көмек көрсетудің сапасына әсер етуі мүмкін, өйткені дәрігерлер үшін пациентті аурудан емдегеннен гөрі, оның мүшелерін алу тиімдірек болуы мүмкін. Бұл жалған. Пациенттердің өлімнен кейінгі донорлықтан бас тарту немесе келісу туралы ақпаратты электрондық денсаулық паспорттарына енгізу жоспарланып отырғандықтан, кейбір азаматтар алаңдаушылық білдіруде.

Олардың айтуынша, электронды денсаулық паспорттары әлеуетті донорлардың мәліметтер базасына айналуы мүмкін, содан кейін дәрігерлер тізімде көрсетілгендерді емдеуді әдейі тоқтатады, деп жазады ҚазАқпарат. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі донорлыққа келісім беру немесе бас тарту туралы ақпарат елдің барлық медицина қызметкерлері үшін ашық және қолжетімді емес екенін түсіндірді.

«2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің 209-бабының 8-тармағына сәйкес, ағзалардың қайтыс болғаннан кейін донорлығына құқығын білдірген азаматтардың тіркеліміне уәкілетті орган айқындаған тәртіппен Трансплантаттау жөніндегі үйлестіру орталығының уәкілетті адамдарының ғана қол жеткізуі мүмкін болады», – деп хабарлады ведомстводан.

Сонымен қатар, Кодекстің осы бабының 4-тармағына сәйкес, Қазақстанда адамнан ағзаларын мәжбүрлеп алуға; адамды өзінің ағзасын беруге мәжбүрлеуге, адамның ағзалары мен тіндерін сатып алуға-сатуға тыйым салынады. Сондай-ақ, Кодекс әрекетке қабілетсіз адамдардан, азаматтығы жоқ адамдардан, кәмелетке толмағандардан және қайтыс болған кезде жеке басы анықталмаған адамдардан тіндер мен мүшелерді алуға тыйым салады.

Қорыта айтқанда, өлімнен кейінгі донорлыққа келісу немесе одан бас тарту туралы деректердің жалпыға қолжетімді болатыны туралы алаңдауға негіз жоқ. Таратылып жатқан хабарламада ҚР заңдарына қайшы келетін ақпарат ұсынылған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

07 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде