Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны артуда
Алматыда 100-ге жуық бала коронавирустан емделіп жатыр.
15:18 14.04.2021
Қалада бір күнде 612 адамның инфекция жұқтырғаны тіркелді. Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының ақпаратына сәйкес, 13 сәуірде 612 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде 540 адамда ауру белгілері бар, қалған 72 адам – симптомсыз. Бір күнде 353 адам ауруханадан шықты, 355 адам емханаға жатқызылды.
"Инфекциялық стационарларда 3 649 адам бар (төсек-орынның жалпы саны 6 100), оның ішінде 99 бала емделуде. 728 ересек адам ауыр хәлде жатыр, 2 921 адам орташа ауыр жағдайда ем қабылдауда", – деп нақтылады қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 219 адам жатыр. Ал 32 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылып, инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 88 адам ем қабылдауды жалғастыруда.
Медицина-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадалары мен Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 6 132 пациент бар. Оның ішінде 5 196 адамда ауру белгілері бар, олар орташа ауыр жағдайда. 936 адамда ауру белгілері жоқ.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram