Қазақстан Түркиямен арадағы әуе рейстер санын қысқартады
26 сәуірден бастап Түркия мен Қазақстан арасындағы әуе рейстерінің саны 20-дан 9-ға дейін қысқартылады.
16:48 20.04.2021
Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Ведомствоаралық комиссияның тиісті хаттамасына сәйкес 26 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы рейстердің жалпы санын аптасына 20-дан 9 рейске дейін қысқарту тапсырылды», - деп жазылған баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.
Қазіргі уақытта екі ел арасында аптасына жеті бағыт бойынша 20 рейс бар:
- Нұр-Сұлтан - Ыстамбұл, екі рейс
- Нұр-Сұлтан - Анталия, бір рейс
- Алматы - Ыстамбұл, жеті рейс
- Алматы - Анталия, бес рейс
- Түркістан - Ыстамбұл, екі рейс
- Ақтау - Ыстамбұл, бір рейс
- Шымкент - Ыстамбұл, екі рейс.
Рейстер санына енгізілген шектеу эпидемиологиялық ахуал жақсарғанға дейін қолданылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!