{metadescription}
Ауруханада өрт шығып, 13 науқас қаза тапты
Үндістанның Махараштра штатындағы ауруханада шыққан өрттен жансақтау бөліміндегі 13 пациент көз жұмды.
11:04 23.04.2021
Өрт коронавирус инфекциясына шалдыққан адамдар ем қабылдаған ауруханада болған. Қалған науқастар жақын маңдағы медициналық мекемелеріне ауыстырылды. Өрт сөндірушілер екі сағат ішінде жалынды ауыздықтады. Оқиғаның себептері анықталуда.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!