Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда 49 жастағы әйел 10-қабаттан секіріп, мерт болды
Алматыда әйел оныншы қабаттың терезесінен секіріп, қаза тапты.
19:17 04.05.2021
Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.
«Төле би көшесінің бойында, Сайран көлінің жанында. Бір қыз терезеден секіріп кетті. Оқиға орнында крминалистер жұмыс істеп жатыр», - деп жазды желі қолданушысы.
Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, әйел 10-шы қабатта орналасқан пәтердің терезесінен секіріп кеткен. Бұл оқиға 3 мамырда Алматы қаласының Алмалы ауданында орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінде болған.
«1972 жылы туған әйел психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған. Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша тіркелді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады полициядан.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram