Өскеменде із-түзсіз жоғалған әйелдің денесі табылды
ШҚО Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, шаһар тұрғыны өткен жылдың қазан айында жоғалып кеткен.
17:11 11.06.2021
Полицияға хабарласқан ер адам жұбайының із-түзсіз кеткенін жеткізген болатын. Оның айтуынша, әйелі Жаңа Согра ауданындағы дүкенге қарай бет алып, сол күйі қайтып оралмаған. Тәртіп сақшылары бірден жедел-іздестіру шараларына кірісті. Алайда оны табу мүмкін болмады.
«Арада жарты жылдан астам уақыт өткен соң әйел адамның денесі табылды. Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары аясында тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!