{metadescription}
2022 жылғы зейнетақы мен ең төменгі жалақының мөлшері аталды

2022 жылғы зейнетақы мен ең төменгі жалақының мөлшері аталды

«Ашық НҚА» порталында «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңның жобасы жарияланды.

Құжатта 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақының ең төменгі мөлшері 60 000 теңге болатыны айтылған. Ал мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 19 450 теңге болады деп көрсетілген. Заң жобасы бойынша, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақының ең төменгі мөлшері – 46 302 теңге болмақ.

6 қазанға дейін қоғам талқысына ұсынылып отырған құжат жобасында өзге де әлеуметтік төлемдердің мөлшері нақтыланған:

- айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерге қолданылатын айлық есептік көрсеткіш – 3 063 теңге;

- базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептейтін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 36 018 теңге.

Жобаның түсіндірме жазбасында бұл құжаттың жобасын қабылдау арқылы ең төменгі жалақы мөлшерін қазіргі 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін арттыру көзделгені айтылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.