Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВ
- Telegram
Қарағандыда автобуста қалта ұрысы қылмыс орнында ұсталды
Қарағанды қаласы ПБ криминалдық полициясының қызметкерлері мүліктік қылмыстың алдын алу бойынша жедел-профилактикалық іс-шараларды жүргізді.
15:22 22.09.2021
Қоғамдық көліктердің бірінде рейдтік шара кезінде полицейлер жолаушының сөмкесінен әмиянды шығарып алмақшы болған ер адамды ұстады. Анықталғандай, ұсталған адам ұрламақ болған әмиянның ішінде 9,5 мың теңге көлемінде ақша мен құжаттар болған. Жәбірленуші 19 жастағы қыз сөмкесінен әмиянды алып жатқанын байқамаған. ҚР Қылмыстық кодексінің 24-188-бабы бойынша (Ұрлыққа оқталу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВ
- Telegram