Жамбылда екі көлік соқтығысып, 2 адам мерт болды
Жамбылда ЗИЛ мен жеңіл көлік соқтығысып, өртке оранған.
15:46 24.09.2021
23 қыркүйек түнгі сағат 23:15 шамасында Жуалы ауданының Б.Момышұлы және Қошқарата тас жолдарының 24-шақырымында Audi-80 және ЗИЛ-130 автокөліктерінің соқтығысуы орын алды. Соқтығысудан кейін автокөліктер өртке оранған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Өрт салдарынан Audi-80 автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. ЗИЛ-130 автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақаттармен Жуалы ауданының орталық ауруханасына жеткізілді.
Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жол-көлік оқиғасының себептері анықталуда, бірқатар сараптамалар тағайындалды. ҚР Қылмыстық істер жөніндегі кодекстің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде істің мән-жайы жария етілмейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!